Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бұрынғы жігіті қорқытқан: Алматыда сталкинг бойынша іс тергелуде

kz.kursiv.media

Бұрынғы жігіті қорқытқан: Алматыда сталкинг бойынша іс тергелуде

Алматы тұрғыны өзін бұрынғы жігітінің жасырын нөмірден хабарласып, дене жарақатын саламын деп қорқытқаны туралы айтып, полицияға шағымданды. Қалалық полиция 6 қарашада ер адамды сталкинг жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Қыз бұрынғы жігітіне қарым-қатынастарын тоқтатуды бірнеше рет ұсынған. Соған қарамастан, ол хабарлама жазуды, кездесуді талап етуді тоқтатпаған, сондай-ақ, бойжеткеннің үйі мен жұмыс орнына барып жүрген.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Департаменттің мәліметінше, тергеу барысында екеуінің арасындағы байланыстың скриншоты тәркіленіп, іс материалына қосылған. Күдікті оны аңдып, мазасын алғанын (сталкинг) толықтай мойындады.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада мас күйде бейтаныс әйелді қоғамдық көліктен жұмыс орнына дейін аңдып, одан телефон нөмірін талап еткен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар