Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кенияда секта жетекшісі 190 баланы мерт қылғаны үшін 200 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Кенияда секта жетекшісі 190 баланы мерт қылғаны үшін 200 жылға сотталды

Кенияның Момбаса қаласындағы сот 6 қарашада пастор Пол Маккензиге 190 бала мен бір ересек адамды өлтіргені үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Reuters мәліметінше, уағыздаушы соңынан ерген азаматтарға ақырзаман келгенше жұмаққа түсу үшін өздерін және балаларын аштан өлуге мәжбүрлеген.

Судья Диана Каведза Маккензиге бірінен соң бірі өтелетін 100 жылдан екі мерзім (жалпы 200 жыл) тағайындады. Сот 183 адамның аштықтан, ал 8 адамның тікелей зорлық-зомбылықтан қаза тапқанын анықтады. Судья бұл қылмысты «суыққанды әрі алдын ала жоспарланған» деп атады.

Пастормен бірге оның 28 сыбайласы сотталды. Аштықты қадағалаған оққағарлар мен бұқаралық қорымдарды жасыруға көмектескендер 10 жылдан 160 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Пастордың адвокаты апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

2019 жылы билік Маккензидің шіркеуін жапқан соң, ол соңынан ергендерді Шакахола орманына алып кеткен. 2023 жылдың сәуірінде полиция ол жерден таяз көмілген мәйіттерді таба бастады. Барлығы 448 адамның сүйегі шығарылған.

Бұл үкім 191 адамның өліміне қатысты болды. Бұдан бөлек, Маккензиге тағы 52 адамның өлімі бойынша айып тағылып отыр (олардың денесі Шакахола орманынан 30 шақырым жерден табылды). Бұл іс бойынша пастор кінәсін мойындаған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар