Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуропадағы жарылыс туралы жалған хабарламалар толқыны телеарналарға жетті

kz.kursiv.media

Еуропадағы жарылыс туралы жалған хабарламалар толқыны телеарналарға жетті

6 қарашада ирландиялық RTÉ және болгариялық Nova TV телеарналары жарылыс қаупі туралы хабарламалардан кейін қызметкерлерін эвакуациялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Reuters мәліметінше, Дублинде тікелей эфирдің бір бөлігі бұрын жазылған бағдарламалармен алмастырылса, Софияда хабар тарату тоқтаған жоқ.

Ғимараттарды тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сонымен қатар, ұлыбританиялық Sky арнасы да осындай қоқан-лоққы хат алғанын хабарлады.

Ирландияда хат RTÉ арнасына жергілікті уақытпен сағат 8:33-те түскен. Полиция ғимаратты қызметтік иттермен тексерді. radio 1 арнасындағы таңғы бағдарлама жылжымалы студияның арқасында тікелей эфирде қалды. Осы уақытта Дублинде Irish Independent редакциясы да эвакуацияланды.

Софияда полиция Nova TV редакциясын тексеріп, қызметкерлерге жұмысқа оралуға рұқсат берді. Лондонда Sky арнасы қауіпсіздік тексерісін жүргізіп, ақпаратты құзырлы органдарға тапсырды.

RTÉ мен Nova TV алған хаттарда белгісіз біреу жарылыс 45 минут ішінде болатынын жазған. Сондай-ақ, хат иесі соңғы уақытта жолаушылар рейстеріне жасалған жарылыс қаупі туралы қоқан-лоққыларды да өз мойнына алған. Тергеушілер бұл оқиғалардың бір-бірімен байланысын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Еуропада «ұшақтарда жарылғыш зат бар» деген хабарламалардан кейін тексеру басталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар