Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан Ресейден әскери полигонда жүрген 21 жастағы азаматын қайтаруды сұрады

kz.kursiv.media

Қырғызстан Ресейден әскери полигонда жүрген 21 жастағы азаматын қайтаруды сұрады

Қырғызстанның Манас қаласының 21 жастағы тұрғыны Элистан Токтогулов Ресейге жұмыс іздеп барып, әскери полигоннан бір-ақ шыққан. Туыстарының айтуынша, оған айына 110 мың рубльге дейін жалақы уәде етілген, деп хабарлайды Kursiv Media.

Қазір ол Воронеж облысындағы әскери полигонда Украинадағы соғысқа жіберуге дайындалып жатыр. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі РФ СІМ-не азаматты еліне қайтаруды талап етіп, нота жолдады.

«Азаттык Азия» басылымының хабарлауынша, азамат жұмыс туралы хабарландыруды Instagram-нан тапқан. Бауыры Баястан Куштарбек уулуның айтуынша, оған жүк көлігінің жүргізушісінен бастап қауіпсіздік қызметкеріне дейінгі бос орындар ұсынылған.

Элистан кеткеннен кейін екі апта өткенде, 3 қарашада отбасы Қырғызстан билігіне бейнеүндеу жолдады.

Қырғызстан СІМ 5 қарашада ресми нота жолданғанын хабарлады. Ведомство азаматтың белгісіз тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің салдарынан Ресейдің әскери бөліміне тап болғанын атап өтті.

Елшілік Ресей құзыретті органдарынан тексеру жүргізуді, кінәлілерді анықтап, жауапқа тартуды және Токтогуловты үйіне қайтаруды сұрады. Дипломаттар азаматтың отбасымен байланыста отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейге жұмыс істеуге барып, кейін Украинадағы соғысқа тартылған 12 Қазақстан азаматы елге оралған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар