Маңғыстауда автобус мұнайшыны қағып кетті
Маңғыстау облысында Ақтау-Қаламқас тасжолында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 қарашада Ақтау-Қаламқас автожолының 170-171 шақырымында, аялдама маңында болған. Daewoo маркалы автобусының жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Lada.kz басылымының мәліметінше, марқұм – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкері.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Астана-Петропавл тас жолындағы жол апатында полицей қайтыс болған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қараша 2026