Ақылы жолдардағы көлік қозғалысы: көш бастаған бағыттар белгілі болды
2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның республикалық маңызы бар 28 ақылы жолымен көліктер 68,3 млн рет жүріп өткен, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ең көп пайдаланылған бағыт – Алматы – Қонаев тасжолы. Бұл жолмен 10 айда 10,8 млн рет көлік өткен.
Екінші орында Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты тұр. Мұнда 8 млн-нан астам өту тіркелсе, үздік үштікке 5,6 млн көрсеткішпен Шымкент – Тараз тасжолы енді.
Сондай-ақ ең көп пайдаланылған бес бағыттың қатарына Тараз – Қайнар (4,9 млн) және Шымкент – Қызылорда (4 млн) тасжолдары кірді.
Ал алғашқы ондыққа Астана – Теміртау (3,6 млн), Астана – Щучинск (3,4 млн), Қонаев – Талдықорған (3,1 млн), Тараз айналма жолы (2,5 млн) және Щучинск – Көкшетау (2,4 млн) бағыттары енген.
Жалпы, ең көп пайдаланылған бес бағытқа барлық өтудің 49,1 пайызы немесе 33,5 млн жағдай тиесілі. Ал алғашқы ондықтың үлесі 71,5 пайызды құрады.
2026 жылдың 10 айындағы ең көп пайдаланылған ақылы жолдардың бестігі мынадай:
Айта кетейік, рейтингте бірегей көліктердің саны емес, ақылы жолдармен жасалған өту саны есепке алынған. Яғни бір автокөлік бір бағытпен бірнеше рет жүрсе, әр өтуі жеке тіркеледі.
Оқи отырыңыз: Елдегі қай трассаларда орташа жылдамдық өлшенеді және ақылы жол құны қанша
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 қараша 2026