Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайлауында Тәжікстан кандидатурасын қолдайды

kz.kursiv.media

Қазақстан  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайлауында Тәжікстан кандидатурасын қолдайды

Тәжікстан 2028–2029 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынып отыр. Астанадағы келіссөздерден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Қазақстанның толық қолдайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның ұсынылуын қуана қабыл алды. Біз Тәжікстанның кандидатурасын қолдаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-аұ Тоқаев білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Қазақстан аймақ елдері ішінде Тәжікстан студенттеріне ең көп білім грантын береді. Жыл сайын 100 орын бөлінеді.

«Тәжік әскерилерін Қазақстанның оқу орындарында оқытуды жалғастыруға дайынбыз. Бұл жұмысты жүйелі әрі ұзақмерзімді негізде жүргізу үшін әскери кадрларды даярлау саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Қос тарап халықаралық аренада ортақ мүдделерді бірлесе қорғауға және өңірлік бастамаларды бірге ілгерілетуге дайын екенін растады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар