Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады
Абай облысында инвестиция тартып, өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жаңа экономикалық аймақ Жаңасемей ауданында орналасады және 600 гектар жерді алып жатады.
Бұл аумақта заманауи өнеркәсіптік кешендер мен экспортқа бағытталған кәсіпорындар салынбақ.
Жоба аясында инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен өндірістік-логистикалық байланыстарды дамытуға басымдық беріледі.
Жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 1,4 триллион теңгені құрайды деп күтілуде. Жаңа өндірістер ашылғанда 14 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны пайда болады.
«Семей» аймағы іске қосылған соң, еліміздің 15 өңіріндегі арнайы экономикалық аймақтар саны 19-ға жетеді.
Бұл бастама өңірдегі сабақтас салаларды дамытуға, жергілікті бизнес өнімдеріне сұранысты арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға оң әсер етеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 қараша 2026