Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жұмыс беруші әлеуметтік жарнаны уақытылы аудармаса, қайда шағымдануға болады

kz.kursiv.media

Жұмыс беруші әлеуметтік жарнаны уақытылы аудармаса, қайда шағымдануға болады

Қазақстанда әрбір қызметкер жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өз атынан әлеуметтік аударымдарын аударып жатыр ма, жоқ па – оңай тексере алады. Ол үшін eGov.kz порталын, банктердің мобильді қосымшаларын пайдалануға немесе ХҚКО-ға баруға болады. Бұл төлемдерді қалай қадағалау керектігін және жұмыс беруші тиісті міндетін атқармаса, қайда шағымдану қажеттігін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіріп өтті.

Әлеуметтік аударымдардың уақтылы әрі толық төленуі – азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігінің кепілі. Төлемдердің мөлшері мен оны алу құқығы адамның табысына және сақтандыру жүйесіндегі өтіліне тікелей байланысты.

Заң бойынша жұмыс берушілер бұл жарналарды қызметкердің жалақысынан ұстамай, өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті. Стандартты мөлшерлеме – есептелетін табыстың 5 пайызы. Қаражат әр ай сайын, келесі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылуы тиіс (мысалы, қазан айының төлемі 25 қарашаға дейін түсуі шарт).

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған, жүктілік пен босану демалысына шыққан, бала асырап алған немесе 1,5 жасқа дейін бала күтімімен айналысқан жағдайларда қаржылық қолдау көрсетуді көздейді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері де заңда көрсетілген талаптарға сай тиісті төлемдерді ала алады. Төлем көлемі тәуекел түріне, аударым жасалған табыс мөлшеріне және жүйеге қатысқан уақытқа қарай есептеледі.

Өз аударымдарыңызды тексерудің бірнеше оңтайлы жолы бар:

Егер белгілі бір айларда ақша аударылмағаны анықталса немесе сомасы күмәнді көрінсе, алдымен жұмыс берушіге немесе компанияның бухгалтериясына хабарласып, деректерді өзара салыстырып көрген жөн.

Егер жұмыс беруші заң талабын орындаудан жалтарып отырғаны рас болса, қызметкер бұл төлемдердің уақтылы түсуін қадағалайтын мемлекеттік кірістер органдарына ресми түрде шағымдана алады.

Кез келген күтпеген жағдайға дайын болу үшін аударымдарды жүйелі түрде тексеріп отырған абзал.

Қосымша сұрақтар бойынша МӘСҚ филиалдарына немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің де жүктілік пен босану, сондай-ақ 1,5 жасқа дейін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алуға толық құқығы бар. Ең басты шарт – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және әлеуметтік аударымдарды жүйелі түрде төлеп отыру.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар