Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда "жазасыз қалатынын айтқан" жүргізуші әйел ұсталды

kz.kursiv.media

Алматыда жазасыз қалатынын айтқан жүргізуші әйел ұсталды

Алматыда әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзып, жазасыз қалатынын айтып видео жариялаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, тексеру барысында оның бұрын сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Видеодан әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай, бұл талапты орындаудан бас тартқаны көрінеді. Тәртіп сақшылары оны дереу анықтап, көлігін арнайы тұраққа алып кетті.

Жүргізушіге қатысты көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра рөлге отыру, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзу, сот шешімін орындамау, жалған ақпарат тарату туралы іс қозғалды.

Сондай-ақ, көліктің иесі де көлік басқару құқығынан айырылған адамға рөлді бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Барлық жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Айта кетейік, осыған дейін Оралда 15 минутта бірнеше рет ереже бұзған жүргізуші жауапқа тартылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар