Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

РФММ-ның Алматыдағы филиалына жаңа директор тағайындалды

kz.kursiv.media

РФММ-ның Алматыдағы филиалына жаңа директор тағайындалды

Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектебіне жаңа директор тағайындалды.

Енді бұл қызметті РФММ-да білім алған, «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Күнғожин атқарады.

Ал бұған дейін мектеп директоры болған Мейірлан Мейірбек қызметтен кетті.

Алмаз Күнғожин әр жылдары РФММ-да мұғалім, математика пәнінен олимпиадаға дайындау бойынша жаттықтырушы, Директордың бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап «РФММ» КеАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

Алматыда 12-14 қазанда мектептің 47 оқушысы ішек инфекциясымен ауруханаға түсті. Одан кейін тағы бірнеше бала ауруханаға жатқызылды. Осы жағдайдан кейін мектеп қашықтан оқытуға көшті.

Алматы полициясы РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар