Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат бергендерге 20 млн доллар ұсынады

kz.kursiv.media

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат бергендерге 20 млн доллар ұсынады

АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты құнды ақпарат берген адамдарға 20 млн долларға дейін сыйақы беретінін жариялады. Вашингтонға ядролық нысандардың қазіргі орналасқан жерін, пайдаланылатын жабдықтар мен бағдарламаға қатысы бар мамандар туралы мәлімет қажет деп жазады BILD басылымы.

АҚШ тарапы, әсіресе, Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар ғалымдар мен басқа да қызметкерлер туралы ақпарат іздеп отыр. Сондай-ақ ядролық жабдықтардың қайда көшірілгенін анықтағысы келеді. Себебі АҚШ-тың әуе соққыларынан кейін кейбір нысандар мен жабдықтардың қазіргі жағдайы белгісіз.

Ақпарат бергісі келетін адамдар мәліметтерін Signal мессенджері немесе АҚШ Мемлекеттік департаментінің арнайы анонимді онлайн арнасы арқылы жібере алады. Қажет болған жағдайда оларға басқа елге қоныс аударуға да көмектесуге уәде берілген.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мұндай шешімді Иранның ядролық бағдарламасының қазіргі жағдайы туралы нақты әрі сенімді ақпараттың жеткіліксіздігімен түсіндіреді. Бұған қоса, МАГАТЭ инспекторларының Ирандағы нысандарды толық тексере алмай отыр.

АҚШ ведомствосының мәліметінше, Иран уранды 60 пайызға дейін байытқан. Ал ядролық қару жасауға жарамды уран алу үшін оны шамамен 90 пайызға дейін байыту қажет. Сарапшылар Иранның қолындағы байытылған уран қоры әрі қарай өңделсе, бірнеше ядролық оқтұмсық жасауға жетуі мүмкін екенін айтады. Дегенмен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи уран қорының басым бөлігі әуе соққыларынан қираған ядролық нысандардың астында қалғанын мәлімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар