Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында «Ордабасы» командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

kz.otyrar.kz

Шымкентте Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында «Ордабасы» командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Шымкентте футболдан Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» клубының жеңісіне арналған мерекелік шара өтті. «Астана» алаңында ұйымдастырылған салтанатты кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, команданың тарихи жетістігін бірге атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өткен шарада клуб ойыншылары мен бапкерлер құрамына чемпиондық алтын медальдар табысталып, жеңімпаз кубогы салтанатты түрде тапсырылды.

Жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков футболшыларды жеңісімен құттықтап, чемпиондық жетістіктің артында үлкен еңбек пен командалық бірлік тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ клубқа қолдау көрсеткен «Интегра» компаниясының басшылығына, бапкерлерге және жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Ал клуб президенті әрі директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбай бұл жеңістің бүкіл қала тұрғындарына ортақ қуаныш екенін жеткізді. Оның айтуынша, команда сегіз ай бойы дайындалып, чемпиондық мақсатқа жету жолында аянбай еңбек еткен. Алдағы уақытта «Ордабасыны» халықаралық деңгейде таныту көзделіп отыр. «Алла қолдап осындай жеңіске жеттік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бір айта кететін жәйт, бұл тек қана бастамасы. Бұл жеңіс біздің арман емес, бұл жеңіске Шымкент дәйім лайықты. Себебі қазір футбол тек қана ойын емес, ойыннан да үлкен бір халықты, бір қаланы, бір мемлекеттік күшке айналып отыр. Сол үшін болашақта Шымкентті Қазақстанның футбол орталығы жасауға бар күшімізді саламыз», — деді «Ордабасы» футбол клубының президенті, директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбай.

2026 жылғы маусымның басты жаңалығының бірі – «Ордабасының» жас таланттарының жарқын ойыны. Команда сапындағы Жасұлан Әмір Қазақстан Премьер-Лигасының «Жыл серпіні» және «Үздік жас ойыншысы» атанды. Ол биылғы межені сәтті бағындырғанын айтып отыр.

Мерекелік кеште танымал өнер иелері Қайрат Нұртас пен Bayansulu өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңы мерекелік отшашумен түйінделді.

Айта кетейік, 25 қазанда өткен чемпионаттың қорытынды кезеңінде 68 ұпай жинаған «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды. Осылайша, шымкенттік клуб өз тарихында екінші рет ел біріншілігінің алтын жүлдесін иеленді. Бұл нәтиже командаға алдағы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар