Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада чемпионы Франция президенттігіне үміткер болмақ

kz.kursiv.media

Олимпиада чемпионы Франция президенттігіне үміткер болмақ

Франциялық дзюдошы, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Тедди Ринер 2027 жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ниетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Менің есімім – Тедди Ринер. Бүгін сіздерге тура қарап, президент сайлауына түсетінімді мәлімдеймін», – деді ол.

Спортшы саясатта тәжірибесі жоқ екенін мойындағанымен, Францияның қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, ел қарызға батып, көшелердегі қауіпсіздік мәселесі де күрделене түскен.

Ринер Францияға кәсіби саясаткерден гөрі, әділдік пен тәртіпті қамтамасыз ете алатын басшы қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, Франциядағы президент сайлауының бірінші кезеңі 2027 жылғы 18 сәуірге жоспарланған. Егер кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинамаса, ең көп қолдау тапқан екі үміткер 2 мамырда өтетін екінші кезеңге қатысады.

Оқи отырыңыз: Франция үкіметі оқушылардың талабына келіскеніне қарамастан наразылық тоқтамады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар