Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үй жанындағы дүкендер тексеруден босатылмайды – үкімет ұсынысты қолдамады

kz.kursiv.media

Үй жанындағы дүкендер тексеруден босатылмайды – үкімет ұсынысты қолдамады

Қазақстанда үй жанындағы дүкендерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемесі бойынша тексеруден босату және оларға мораторий енгізу ұсынысы қолдау таппады. Үкімет мұндай дүкендерге нарықтағы басқа сауда нысандарымен бірдей талап қойылуы керек деп есептейді. Бұл туралы Серік Жұманғарин депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Депутаттар үй жанындағы дүкендерді қолдау, салық жүктемесін азайту және сауда үстемесін бақылау мәселелерін көтерген. Алайда Үкімет қолданыстағы заңнамада шағын сауда орындарына арналған жеңілдіктер мен қаржылай қолдау тетіктері бар екенін алға тартты.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, үй жанындағы дүкендер оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана алады. Бұл режим бойынша базалық салық мөлшерлемесі – 4%.

Сонымен қатар жергілікті мәслихаттар бұл мөлшерлемені 50%-дан асырмай төмендете алады. Яғни өңірлерде салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін түсіруге мүмкіндік бар.

Осыған байланысты Үкімет республикалық деңгейде үй жанындағы дүкендер үшін салықты 2%-дан асырмау туралы бөлек норма енгізу қажет емес деп санайды.

Жауапта үй жанындағы дүкендерге қолжетімді жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары да аталған. Мәселен, «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға үш жылға дейін 200 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бұл ретте номиналды мөлшерлеменің 40%-ы субсидияланады. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие мөлшерлемесі – жылдық 12,6%.

Сондай-ақ 2025 жылдан бастап ішкі сауда субъектілерінің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігі субсидияланып келеді. Қолдау дүкен ашуға, сауда нысандарын жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және сауда процестерін автоматтандыруға бағытталған.

Қазірдің өзінде жалпы сомасы 89,1 млрд теңге болатын 547 жобаға несие беріліп, 5,9 млрд теңге субсидия төленген. Оның ішінде 232 жоба үй жанындағы дүкендерге тиесілі. Оларға берілген несиенің жалпы сомасы – 18,5 млрд теңге.

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген ең жоғары сауда үстемесін жеке дүкендер үшін алып тастауды да қолдамайды.

Қолданыстағы заң бойынша мұндай тауарларға сауда үстемесі өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек. Бұл талап үй жанындағы дүкендерді қоса алғанда, барлық ішкі сауда субъектісіне ортақ.

Үкіметтің ұстанымынша, жекелеген дүкендерге ерекшелік жасау бір нарықтағы кәсіпкерлер үшін әртүрлі талап қалыптастырады.

Сонымен бірге 2026 жылғы 20 қазаннан бастап сауда үстемесін есептеу кезінде құжатпен расталған кейбір шығындарды ескеруге мүмкіндік беретін өзгерістер күшіне енді. Олардың қатарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдау және импорттау, электронды сауда кезінде жеткізу, сондай-ақ тауарлардың табиғи кемуіне байланысты шығындар бар.

Депутаттар көтерген тағы бір мәселе – үй жанындағы дүкендерді тексеруге мораторий енгізу. Алайда Үкімет бұл ұсынысты да қолдамады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қойылатын сауда үстемесінің сақталуын бақылау заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулер заңда көзделген негіздер болғанда, соның ішінде тиісті материалдармен расталған өтініштер түскен жағдайда ғана жүргізіледі.

Сауда үстемесін белгіленген мөлшерден асыру әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Шағын бизнеске 5 АЕК, орта бизнеске 35 АЕК, ірі бизнеске 150 АЕК айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері тиісінше 10, 70 және 300 АЕК болады.

Тағы да оқыңыз: Депутаттар ұсынысы қолдау таппады: дүкендер үшін эквайринг комиссиясы төмендемейді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар