Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шалқар мен Ақтөбе арасында әуе қатынасы 15 жылдан кейін қайта жандануы мүмкін

kz.kursiv.media

Шалқар мен Ақтөбе арасында әуе қатынасы 15 жылдан кейін қайта жандануы мүмкін

Ақтөбе облысында 2011 жылдан бері тоқтап тұрған жергілікті әуе қатынасын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы мақсатта Шалқар қаласындағы аэродромды реконструкциялау қолға алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС жүргізеді. Алдын ала жоспарға сәйкес, жобалау жұмыстарына бес ай, құрылыс-монтаж жұмыстарына алты ай бөлінген. Бұл мерзімге мемлекеттік сараптамадан өту уақыты кірмейді.

Шалқар аэродромы қаладан шамамен 7 шақырым жерде орналасқан. Жоба аясында ұзындығы 1 200 метрлік ұшу-қону жолағын күшейту, перрон мен рульдеу жолын жаңарту, қоршау орнату және модульдік жолаушылар павильонын салу жоспарланған. Сонымен қатар аэродром қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Жөндеу аяқталғаннан кейін аэродром 19 жолаушыға дейін тасымалдайтын L-410 ұшақтарын қабылдай алады. Ұшулар күндізгі уақытта орындалмақ. Жолаушылар тасымалын «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ базасында ұйымдастыру көзделген.

Рейстерді іске қосу үшін ұшақтарды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржылық лизингпен сатып алу жоспарланып отыр. Аэродромдағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң нысан сертификаттаудан өтуі тиіс.

Әуе рейстерінің нақты қашан басталатыны инфрақұрылымның дайындығына, ұшақтардың сатып алынуына және қажетті рұқсаттардың алынуына байланысты болады.

Айта кетейік, ішкі әуе бағыттарын дамыту және шағын авиацияны қолдау өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.

Ашық мемлекеттік деректерге сәйкес, Шалқар аэродромын реконструкциялау жұмыстарының мердігері болып анықталған «SK BEST SPEC STROY KZ» ЖШС 2005 жылғы 29 маусымда тіркелген. Компания басшысы – Айдын Арманов.

Оқи отырыңыз: Зайсан мен Қатон-Қарағай әуежайлары 2027 жылдың мамырында ашылады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар