Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан құрамасы хоккейден үш дүркін Азия чемпионы атанды

kz.kursiv.media

Қазақстан құрамасы хоккейден үш дүркін Азия чемпионы атанды

Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен шайбалы хоккейден Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Отандастарымыз соңғы ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Негізгі және қосымша уақытта командалар бір-бірінің қақпасына шайба соға алмады. Сондықтан жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Нәтижесінде қазақстандық хоккейшілер 4:3 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама бұған дейін Жапонияны 3:2, Қытайды 5:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды. Ұлттық команда бұған дейін 2024 және 2025 жылдары алтын медаль жеңіп алған.

Жапония құрамасы күміс медальға ие болды. Ал Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар