Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Binance-тегі ұрлықтан кейін криптобиржаның қаржы директоры ауысты

kz.kursiv.media

Binance-тегі ұрлықтан кейін криптобиржаның қаржы директоры ауысты

Әлемдегі ең ірі Binance криптобиржасының қаржы директоры Кайзер Нг 6,3 миллиард доллардың криптовалютасы ұрланғаннан кейін қызметінен кететіні белгілі болды. Оның орнына бұған дейін Airwallex компаниясында қаржы жөніндегі вице-президент болған Джастин Йек келеді, деп хабарлайды Kursiv.Media Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кайзер Нгтің компаниядан кету шешімі туралы Binance 7 қарашада хабарлады. Биржаның тең төрағасы И Хэнің айтуынша, қаржы басшысы ұйымда бес жылдан астам жұмыс істегеннен кейін жаңа жобаға назар аударуды ұйғарған. Өкілеттікті тапсыру дайындығы соңғы алты ай бойы жүргізілген.

Бұған дейін Airwallex-те қаржы бағыттарын басқарған Джастин Йек Binance-тің жаңа қаржы директоры болып тағайындалып үлгерді.

Қызметтен кету платформадағы қауіпсіздікке қатысты күрделі мәселелер аясында орын алды. 29 қазанда биржа ауқымды бұзу дерегі туралы хабарлады, салдарынан қаскөйлер 6,3 миллиард доллар сомасындағы криптовалютаны қолды қылған.

Компания мәліметінше, шабуыл бірнеше ай бойы дайындалған: хакерлер қызметкерлердің, соның ішінде инженерлердің компьютерлеріне кіру үшін зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді және жалған жұмыс ұсыныстарын пайдаланған.

Binance зардап шеккен клиенттерге шығынды толық өтейтінін мәлімдеді.

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы бұл шабуылды солтүстіккореялық хакерлер тобымен байланыстырды. КХДР билігі айыптауларды жоққа шығарды.

Кайзер Нг Binance-тің қаржы директоры лауазымын 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Компанияға келгенге дейін ол бәсекелес Kraken криптовалюта биржасында жұмыс істеген.

Сонымен қатар Binance криптобиржасынан 6,3 млрд доллардың ұрлануы сақтандыру компанияларын қауіпсіздік талаптарын күшейтуге итермелеп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар