Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Таза Қазақстан»: Шымкентте 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

kz.otyrar.kz

«Таза Қазақстан»: Шымкентте 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгінде қоғамда кез-келген заң және тәртіп бұзушылыққа қарсы қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соғның бір айғағындай Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жүргізілген мониторинг жүргізілуде. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде апта ішінде 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Қала тазалығын сақтау, қоғамдлық тәртіпке бағыну бағытында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне қарамастан арагідік болса да мұндай жәйттер орын алуда.

Атап айтқанда, абаттандыру қағидаларын бұзу мен қоғамдық орындарды ластау деректері көп тіркелді. Мұндай құқық бұзушылықтар қала тазалығы мен экологиялық жағдайды нашарлатары сөзсіз. Шымкент қаласы әкімдігі мен құқық қорғау органдары анықталған бұзушылықтарға қатысты әрекет ету шараларын қабылдады. Жиналған деректер негізінде құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органға материалдар жолданды. Әсіресетемекі өнімдерін тұтыну, оны кез-келген жерге лақтыра салу дерегі көп. Сонымен қатар, жүргізушілер тарапынан да жолда кетіп бара жатып темекі тұқылын көшеге лақтыра салу деректері де жоқ емес. Жеке үй тұрғындары тарапынан да жөндеу жұмыстары барысында ортақ пайдаланудағы көшеге құрылыс қалдықтарын үйіп тастап, оны дер кезінде қоқыс полигонына шығармау жәйттері де көп. Қоршаған ортаны ластағаны үйін әкімшілік шара көрілетіндігі туралы тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары да ұдайы жүргізілуде.

Бұл іс-шара қала тұрғындарының тәртіпті сақтауына, сондай-ақ, қоғамдық орындардың таза әрі қауіпсіз болуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде, қаладағы тазалық мәселесіне қатысты тұрғындар арасында жауапкершілік деңгейі артып, қатысушылар арасында өзара түсіністік орнату көзделуде.

«Таза Қазақстан» жобасының басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру, қоғамда тазалықты сақтауына көпшіліктің атсалысуын қамтамасыз ету. Осыған орай, Шымкент тұрғындарына өз аумақтарын таза ұстау үшін ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Тазалық – тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың ортақ міндеті.

Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындарды тазалық сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар