Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Заң мен тәртіп — болашағымыздың кепілі”: Дебат ұйымдастырылды

kz.otyrar.kz

“Заң мен тәртіп — болашағымыздың кепілі”: Дебат ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде «Жаңа Халық Конституциясы аясында заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы дебат ұйымдастырылды. Аталған шара оқушылар арасында құқықтық мәдениетті насихаттап, заңның маңыздылығын түсінуге бағытталған тың іс-шаралардың бірі болып табылады. Шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған шараға оқушылар зор дайындықпен келді. Олар Жаңа Конституцияның мәні, заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері туралы өз пікірлерін білдіріп, қызу пікірталас өрбітті.

Дебатқа қатысушылар екі командаға бөлініп, өз пікірлерін қорғау арқылы заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлін талқылады. Олар заңның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының рөлі, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру секілді тақырыптарды жан-жақты қарастырды. Оқушылардың келтірген пікірлері өткір, ойлары жүйрік болды, бұл олардың құқықтық білімінің тереңдігін және заңға деген қызығушылығын көрсетті.

Дебаттың мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін нығайту, заңды білу мен оны сақтау қажеттілігін түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында заң үстемдігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат тарату болды. «Заңды білетін ұрпақ — елдің болашағы!» деп атап өткен ұйымдастырушылар, еліміздің болашағын ойлайтын, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ұстаздар қауымы дебат соңында қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді. Бұл іс-шара білім ордасының құқықтық мәдениетін арттырып, жастардың заңға деген қызығушылығын одан ары оятуға септігін тигізері. Ендігі жерде жастардың құқықтық сауаттылығы артқан сайын, заң мен тәртіптің үстемдігі де нығая түсетіні сөзсіз.

Жалпы Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің оқушылары әрдайым жоғары детістіктерімен ұстаздарын ұдайы қуантып жүреді. Білім сайысында да, спорттық шараларда да оқушылар тек алдыңғы қатардан көрініп жүр. Аталмыш білім бесігінің ұстаздар қауымы оқушылардың ой-өрісін дамыту, өзіндік пікірін қалыптастыру жағын да басты назарда ұстайды. Сол үшін де осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырып отырады. Бұл һх кезегінде оқушылардың құқықтық білімін жетілдіріп, сауаттылығын арттырары айқын.

Дебатқа қатысушылар жоғары дайындық пен белсенділік танытты. Екі команда да дайындығы мықты, аргументі өткір, сөзі жүйрік екенін көрсетті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар