«Рух күшінің үлгісі»: Президент депутат Сүлейменованың рекордтық жетістігін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада XX жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде параспортшы, депутат Айсұлу Сүлейменованың жетістігіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Айта кетейік, Жапонияда өткен V Азия Пара ойындарында ол 100 метр қашықтықты 16,18 секундта жүгіріп өтіп, T62 санатында Азия рекордын орнатты. Жалпы қорытынды бойынша спортшы бесінші орынға ие болды.
Президент бұл жетістікті қайсарлық пен мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісі деп атады.
«Қазақта «Күш – білекте емес, жүректе» деген мақал бар. Расында, биік мақсат пен қайсар мінез ұштасқан жерде алынбайтын асу жоқ. Осы орайда Пара ойындарында Азия рекордын жаңартқан Айсұлу Сүлейменованың жетістігі ерекше назар аударуға тұрарлық. Спортшыларымыздың бұл жеңістері еліміздің халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы спортшының өмірлік қиындықтарға қарамастан шыңдарды бағындырып қана қоймай, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсенді араласып жүргенін тілге тиек етті.
Айсұлу Сүлейменова спортты депутаттық қызметімен қатар алып жүр. Ол Құрылтайда әлеуметтік қорғау,кедергісіз орта қалыптастыру және мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерімен айналысады.
Оның негізгі бастамалары:
Сонымен қатар, президент спорт саласын мемлекеттік қолдау шараларына да тоқталды. Соңғы бес жылда елімізде спортты дамытуға 616 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Оған қоса, дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнамаға басым бағыттарды айқындайтын бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 қараша 2026