31 жастағы жетісулық келіншек төртем босанды
Алматы қаласындағы Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында жетісулық келіншек төртем босанды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлайды.
31 жастағы Альмира Бекеева төрт ұлды 24 қыркүйекте кесарь тілігімен босанған. Сәбилер: Арлан (салмағы 1400 грамм, бойы 40 см), Арсылан (салмағы 1700 грамм, бойы 42 см), Әлихан (салмағы 1700 грамм, бойы 44 см) және Әмірхан (салмағы 1700 грамм, бойы 43 см).
Бұл – жетісулық келіншектің төртінші жүктілігі. Бұған дейін үш баланы дүниеге әкелген. УЗИ кезінде жатырында бірден төрт ұрықтың дамып келе жатқаны анықталған. Оны есепке тұрғызған соң Денсаулық сақтау министрлігінің мониторингтік тобы консилиумы жиналып, әрі қарай бақылау үшін Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жатқызады. Төртемді де сол жерде босанды.
Төрт баламен жүкті болу – ана мен сәбилердің денсаулығына ерекше назар аударуды қажет ететін күрделі жағдай. Сондықтан жүктілік кезінде ана мен төрт нәрестенің жағдайы үнемі бақылауда болады. Ал босандыру тәсілі әр жағдайға жеке қарай таңдалады дейді мамандар.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 қараша 2026