Жетісуда тас пен топырақ өндіргендер бюджетке 115 млн теңге зиян келтірген
Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолын жөндеу кезінде тас пен топырақты заңсыз өндіру дерегі анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын 115 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Тергеу барысында мердігер ұйымның тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау бөктерінен тас пен топырақ өндіріп, оны жол құрылысының негізі ретінде пайдаланғаны белгілі болды. Жер қойнауын заңсыз пайдалану салдарынан келтірілген алдын ала шығын көлемі 115 миллион теңгеден асады.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Жер қойнауын өз бетінше пайдалану») бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысы Жетісу облысы прокуратурасының бақылауында», – деп хабарлады ведомство.
Өңірде экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда бір шақырым жол қанша тұратынын есептеп шыққан едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 қараша 2026