Қазақстандық боксшы «жыл нокаутынан» кейін әлемдік рейтингте ТОП-5 енді
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет Эр-Риядта өткен жекпе-жектен кейін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде 5-орынға көтерілді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Бек Нұрмағанбет мексикалық Маркос Родригеске қарсы кездесудің алғашқы раундында-ақ қарсыласын сұрапыл соққымен нокаутқа түсірді. Әлемдік БАҚ бұл соққыны «жыл нокаутына» басты үміткерлердің бірі деп бағалады. Осы жеңістен кейін ол IBF рейтингінде 9-орыннан бірден үздік бестікке көтерілді.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет өнер көрсететін салмақта IBF чемпионы – кубалық Ослейс Иглесиас. Сонымен қатар, бұл салмақта WBC белбеуі Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар.
Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен (15-ін нокаутпен аяқтаған). 2019 жылғы Азия чемпионы. WBO-да топ-5-ке кіргенімен, WBC рейтингінде 14-орында тұр. 2023 жылдың жазынан бері Канелоның бапкері Эдди Рейносоның командасында жаттығып, Сауль Альвареспен бір залда дайындалып жүр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 қараша 2026