Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бензин қай қалада көбірек қымбаттады? Қаңтар мен қазан бағаларына шолу

kz.kursiv.media

Бензин қай қалада көбірек қымбаттады? Қаңтар мен қазан бағаларына шолу

Қазақстанда қазан айында бензин бағасы қаңтардағы деңгейден жоғары болды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, АИ-92 бензинінің ел бойынша орташа бағасы литріне 235 теңгеден 251 теңгеге көтерілген. Бұл 16 теңге немесе 6,8% өсім. Ал АИ-95 және АИ-96 біріктірілген санатының бағасы 304 теңгеден 315 теңгеге жетіп, 3,6%-ға артқан.

Салыстыруға кірген 20 қаланың бәрінде бензиннің екі санаты да қымбаттаған. Ең жоғары өсім Оралда тіркелді: мұнда АИ-92 литрі 223 теңгеден 247 теңгеге көтерілген. Айырма – 24 теңге немесе 10,8%. АИ-95/96 бағасы да осы қалада ең көп өскен: 285 теңгеден 304 теңгеге дейін, яғни 6,7%-ға.

АИ-92 бағасының өсу қарқыны Түркістанда 8%-ға, Атырауда 7,8%-ға, Павлодарда 7,7%-ға жеткен. Ең төмен өсім Жезқазғанда байқалды: қаңтарда 242 теңге тұрған жанармай қазанда 252 теңгеден сатылған. Бұл — 4,1% қымбаттау.

Ел бойынша АИ-92 бағасының пайыздық өсімі АИ-95/96 санатына қарағанда жоғары болды. Соған қарамастан, қымбаттау қарқыны ең жоғары Орал қазан айындағы ең қымбат қалалардың қатарына кірген жоқ: АИ-92 бағасы елдік орташа көрсеткіштен 4 теңгеге төмен қалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар