Тоғыз айдың ішінде ел тұрғындарына 2,17 млрд теңгеден астам қаражаты қайтарылған
2026 жылдың 9 айында қазақстандық тұтынушыларға 2,17 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Осы уақыт ішінде Комитет пен оның аумақтық департаменттеріне 72 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды Kursiv.Media Сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның басым бөлігі 31 186 өтініш (42,9%) бөлшек саудаға, 12 264 (16,9%) электрондық саудаға, ал 7 065 (9,7%) тұрмыстық қызмет көрсету саласына қатысты.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің көмегімен 23 мыңнан астам өтініш аясында тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды. Тағы 26 мың өтініш бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді. Ең көп қаражат Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қайтарылған.
Сонымен қатар, қоғам назарына іліккен 107 іс қаралып, 365 тұтынушының шамамен 1,03 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалды.
Министрлік тұтынушылар құқығын қорғауды күшейтті. Жыл басынан бері 1 347 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, бұл көрсеткішыл өткен жылмен салыстырғанда 42,2%-ға өсті. Нәтижесінде 1 836 әкімшілік іс қозғалып, 54,3 млн теңге айыппұл салынды.
Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылығында тұтынушыларға жалпы сомасы 1,5 млрд теңге қайтарылған еді. Көрсеткіш 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары.
- Соңғы
- Қараша, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026