Тоқаев: Қазақстан бүкіл әлемде зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде мойындалды
Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев XX жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдап, олардың алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Кездесу барысында мемлекет басшысы елдегі өзгерістерге тоқталып, жаңа қабылданған Конституцияда ел Егемендігі мен Тәуелсіздігі және Қазақстан жерінің тұтастығын қорғау қастерлі міндет деп танылғанын атап өтті.
«Бүгінде біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде біртұтас қоғам болып өрлеу дәуіріне қадам бастық. Тұтас мемлекеттің тұрпаты мен халқымыздың болмыс-бітімін айқындаған қастерлі құжат – Конституциямызды қабылдадық. Берекелі бірлігіміздің арқасында ауқымды реформаларды сапалы жүзеге асырдық. Соның нәтижесінде мемлекеттің басқару жүйесі толықтай жаңғырды. Атап айтқанда: бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай өз жұмысын бастады. Еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды. Алайда, ең маңызды мәселе – Конституциямызға сәйкес азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары мызғымас сипатқа ие болды, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді және жеріміздің тұтастығын қорғау қастерлі міндет деп танылды. Қазақстан бүкіл әлемге зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде мойындалды», – деп атап өтті президент.
Айта кетейік, осыған дейін аталмыш кездесу барысында президент Тоқаев депутат Айсұлу Сүлейменованың рекордтық жетістігін атап өткенін жазған едік.
- Соңғы
- Қараша, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026