Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көлік алуға өтініш бергендердің тек 17%-ына несие берілген

kz.kursiv.media

Көлік алуға өтініш бергендердің тек 17%-ына несие берілген

Қазақстанда автонесиеге сұраныс жоғары болғанымен, банктер өтінімдердің аз бөлігін ғана мақұлдайды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің халыққа берген автонесиелерінің жалпы көлемі 4,4 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 8,5%-ға өскен, деп хабарлайды Kursiv Media.

10 айда бөлшек несиелеудің жалпы көлемі 7,6%-ға артқан. Ал автонесиенің халыққа берілген барлық несиедегі үлесі 16,4%-ды құрады.

Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктер арасында жүргізген сауалнамасына сәйкес, 2026 жылдың алғашқы жартысында автонесие алуға шамамен 2,7 млн өтінім түскен. Екінші тоқсандағы өтінімдер саны бірінші тоқсанмен салыстырғанда 20%-ға көп болған. Бір өтінімнің орташа сомасы 7 млн теңгеден сәл асқан.

Алайда өтінімдердің басым бөлігі мақұлданбаған. 2,7 млн өтінімнің тек 450 мыңы ғана мақұлданып, несие алу деңгейі 16,9%-ды құраған. Яғни автонесие алуға өтініш білдіргендердің бестен біріне де жетпейтін бөлігі оң жауап алған.

Finprom.kz мәліметінше, кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша мақұлдау көрсеткіші 32,5%, ипотекада 28,1%, ал кепілмен берілетін тұтынушылық несиелерде 23,5% болған.

Осыған байланысты Ұлттық банк автонесие берудегі борыш жүктемесінің коэффициентіне (БЖК) қатысты талаптардан босататын ерекшеліктердің мерзімін ұзартты. 2026 жылғы 6 қарашадағы шешімге сәйкес, бұл тәртіп 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Ерекшеліктер мынадай автонесиелерге қатысты:

Автонесиеге сұраныс артқанымен, банктердің өтінімдерді мақұлдау деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Ал БЖК талаптарына қатысты жеңілдіктердің 2027 жылдың соңына дейін ұзартылуы автонесие нарығындағы қолданыстағы тәртіптің сақталуына мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда автонесие ипотекамен теңесті. Неге халық көлік алуға құмар

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар