Азия ойындарында медальсыз қалған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы XX жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жүлдегерлерін және олардың жаттықтырушыларын салтанатты түрде марапаттады.
Марапаттау рәсіміне Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Бақытұлы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысты.
Салтанатты жиында спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар Азия ойындарында ерекше көзге түскен жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілті берілді. Федерацияның мәліметінше, баспана демеушілердің қолдауымен табысталған.
Еске сала кетейік, Жапонияда өткен Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан жарысқа қатысып, бастапқыда алтын медаль иегері атанған болатын. Алайда кейін спортшының жарыс кезінде аяқкиіміне қатысты дау туындап, оның нәтижесі есепке алынбады.
Соған қарамастан Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы спортшының Азия ойындарында көрсеткен өнерін ерекше атап өтіп, баспана сыйлады.
Бұдан бөлек, салтанатты рәсімде ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуіне үлес қосқан мамандар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Федерация қазақстандық жеңіл атлеттерді қолдау және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.
- Соңғы
-
-
- Қараша, 09
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026