Абу-Дабидегі келіссөздер: үш елдің делегация құрамы белгілі болды
Абу-Дабиде 10-11 қараша күндері Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңі басталады. Бұл – үш ел өкілдерінің шамамен тоғыз айдан кейінгі алғашқы үшжақты кездесуі. Бұған дейінгі келіссөздер 2026 жылдың ақпан айында өткен, деп жазады Kursiv.Media.
Келіссөздерге кімдер қатысады
Ресей делегациясын Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Ол бұған дейін 2022 және 2025 жылдары Ыстамбұлда өткен келіссөздерде, сондай-ақ Женевадағы байланыстар барысында Ресей тарапының келіссөздер тобына жетекшілік еткен.
Украина делегациясының басшысы – сыртқы барлау қызметінің жетекшісі, бұрынғы қорғаныс министрі Рустем Умеров.
АҚШ атынан келіссөздерге президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ-тың бейбіт миссиялар жөніндегі арнайы өкілі Джаред Кушнер қатысады.
Келіссөздердің негізгі тақырыптары
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, кездесудің басты тақырыбы Ресей мен Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері болмақ.
Ал АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың айтуынша, тараптар:
Еуропа өкілдері де Абу-Дабиге барады
Абу-Дабиге Еуропа елдерінің делегациясы да келеді. Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың түсіндіруінше, Еуропа өкілдері Ресей, Украина және АҚШ арасындағы негізгі үшжақты келіссөздерге тікелей қатыспайды.
Сонымен қатар Рустем Умеров Украина делегациясының Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия өкілдерімен, сондай-ақ НАТО мен Еуропалық комиссия өкілдерімен жеке кездесулер өткізетінін хабарлаған.
10-11 қарашадағы Абу-Даби кездесулерінде үш ел арасындағы қауіпсіздік кепілдіктері мен қақтығысты реттеу мәселелері талқыланса, Украина тарапы Еуропа елдері және халықаралық ұйымдармен де жеке консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.
Ресей мен Украина делегациялары үшжақты келіссөздер өтетін Абу-Дабиге ұшып барған.
Осыған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф келіссөздердің нақты мерзімін атағғанын жазған едік.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026