Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев 100 жаста

kz.otyrar.kz

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев 100 жаста

Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында майдангер Ахмаджан Анартаевтың ғасырлық мерейтойы аталып өтті. Соғыс ардагерін құттықтау рәсіміне Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразәлиев, Түркістан гарнизонының бастығы полковник Талғат Мәжімбеков, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, майдангердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара аудан орталығындағы орталық саябақта аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан Ахмаджан Анартаевқа соғыс жылдарындағы ерлігі мен ел игілігі жолындағы көп жылғы еңбегі үшін терең құрмет пен алғыс білдірілген құттықтау хаты табысталды. Салтанатты шараға қатысушылар да мерейтой иесіне ақжарма тілектерін арнап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және туған-туыстарының ортасында амандық пен береке тіледі.Ахмаджан Анартаев 1926 жылғы 10 қарашада Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, 64-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып әскери қызмет атқарған. Польша мен Германия аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан. Майдандағы ерлігі мен ел игілігі жолындағы еңбегі ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

Бүгінде Ахмаджан Анартаев ауылдастарының арасында зор құрметке ие, үлкен әрі тату отбасының ақсақалы. Төрт ұл мен бес қыздан 35 немере, 101 шөбере және 50 шөпшек сүйіп отыр.

Ахмаджан Анартаевтың өмір жолы – ел тарихының ажырамас бөлігі, ерлік пен табандылықтың, Отанға деген адалдықтың үлгісі. Тарихи жадыны сақтау, ардагерлерге құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде өте маңызды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар