Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлытауда банк менеджері клиенттердің ақшасын жымқырған

kz.kursiv.media

Ұлытауда банк менеджері клиенттердің ақшасын жымқырған

Ұлытау облысында банк менеджері үш тұрғынға сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен ақшаларын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұлытау облыстық прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 мың теңгені құрады.

Заң бұзушылық екінші деңгейдегі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында анықталды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, банк қызметкері лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, азаматтарды адастырған. Ол сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен олардың қаражатын иемденіп келген.

Сот банк менеджеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада Instagram арқылы жөндеу және жиһаз жасау қызметін ұсынған ер адам алаяқтық жасағаны үшін сотталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар