Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Энергомині Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметке қанша төлйетінін айтты

kz.kursiv.media

Энергомині Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметке қанша төлйетінін айтты

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде ай сайын коммуналдық қызметке қанша төлейтінін және мемлекеттен төленетін жалақысының мөлшері туралы айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Мен шамамен комуналдық қызметке 73-75 мың теңге төлеймін. «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде тұрамын, ай сайын коммуналдық қызметтерге шамамен осы соманы төлеймін. Бұл соманың ішіне интернет ақысы кірмейді, қателеспесем, автотұрақ төлемі де кірмейді, мен бір паркингті жалға аламын. Ал менің мемлекет төлейтін жалақым шамамен 1 миллион 200 мың теңге төңірегінде, – деді министр.

Сонымен қатар журналистер Ерлан Ақкенженовке елдегі электр энергиясын тұтыну көлемінің жыл сайын 1–1,5%-ға өсіп жатқанын еске салып, тарифтерді өсіру бұл процесті тежеуге қаншалықты ықпал ететінін әрі бағаны өсіру қашан аяқталатынын сұрады.

Алайда министр тарифтердің өсуі электр энергиясын тұтынуды тежеуге бағытталмағанын атап өтті.

«Тарифтерді өсіру, ең алдымен, жабдықтардың технологиялық тұтастығы мен сенімділігін сақтауға, саладағы мамандардың жалақысын көтеруге және жылу электр орталықтарының жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған», – деп түсіндірді спикер.

Айтуынша, биыл жоспарланған 9 энергоблоктың 8-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал жоспарланған 55 қазандықтың 49-ын жөнделді.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өзінің жалақы көлемін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар