Бұқашықтарды шетелге шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
Қазақстанда ірі қара малдың бұқашықтарын шетелге шығаруға салынған шектеу тағы алты айға ұзартылды. Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге мал экспорттауға да қатысты деп жазады Kursiv Media.
Ауыл шаруашылығы министрінің тиісті бұйрығы 2026 жылғы 5 қарашада қабылданып, 9 қарашадан бастап күшіне енді.
Құжатқа сәйкес, бұқашықтарды Қазақстан аумағынан шетелге шығаруға болмайды. Ал Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы шектеудің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Бұл мұндай тыйымның алғашқы рет енгізілуі емес. Қазақстанда бұқашықтарды экспорттауға шектеу алғаш рет 2025 жылғы шілдеде қойылған. Содан бері оның мерзімі бірнеше рет ұзартылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұған дейін мұндай шешімді елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен жеткілікті көлемде қамту қажеттілігімен түсіндірген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға шетелден жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026