Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалын қайта жандандыруға үмітті

kz.kursiv.media

Қазақстан «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалын қайта жандандыруға үмітті

Қазақстан Ресейге «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастау бойынша арнайы сұраныс жібергенімен, әлі ресми жауап алған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл бағыт Қазақстан үшін коммерциялық тұрғыдан өте тиімді, сондай-ақ қысқы мезгілде «Атырау – Самара» мұнай құбырының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Қазақстан Ресейден «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалын қайта бастау мүмкіндігі туралы жауабын күтіп отыр. БАҚ-та қараша мен желтоқсанда мұнай тасымалданбайды деген ақпарат тараған соң, журналистер Энергетика министрінен бұл мәліметтің қаншалықты рас екенін сұрады.

«Мен мұндай хабарламаларды көрген жоқпын. Өткен жолы біз Қазақстан сұраныс жібере ме, жоқ па деген мәселені талқылаған едік. Бұл мәселені мен өзім көтерген болатынмын. Сұраныс жіберілді, алайда әлі жауап жоқ», – деп жауап берді Ерлан Ақкенженов.

Журналистер «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданынуы мүмкін бе деп сұрады.

«Үмітіміз бар. Біз осы бағыт бойынша мұнай тасымалын қайта жандандырамыз деп үміттенеміз. Бұл біз үшін коммерциялық тұрғыдан тиімді. Бұдан бөлек, «Атырау – Самара» мұнай құбырының қалыпты жұмысы үшін жылдық айдаудың ең төменгі көлемін ұстап тұру қажет. Бұл әсіресе қыста өте маңызды, өйткені Қазақстаннан Ресейге дейінгі учаскеде қыздыру пеші жоқ», – деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін министр Ақкенженов 2026 жылдың мамыр айының соңында «Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалдау қашан жанданатынын айтқан еді. Айтуынша, жағдайдың бәрі Ресей тарапына, олардың мұнай айдау жөніндегі техникалық мүмкіндіктерін қаншалықты тез қалпына келтіретініне байланысты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар