Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда зауыттағы жарылыстың құрбандары саны 17-ге дейін өсті

kz.kursiv.media

Түркияда зауыттағы жарылыстың құрбандары саны 17-ге дейін өсті

Түркияның батысындағы Измир провинциясында орналасқан HABAŞ металлургия зауытында қуатты жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 13 жұмысшы жарақат алды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Қайғылы оқиға 9 қарашада түске таман Измир провинциясының Алиага ауданында болған. Жарылыстан кейін зауыт аумағында өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, апат жөндеу жұмыстары кезінде болған. Көпірлі кран құлап, оның бөлшектері электр доғалы пешке түскен. Салдарынан газ құбыры зақымданып, күшті жарылыс болған. Одан кейін зауыт аумағында өрт шыққан.

Измир губернаторы Сүлейман Элбанның айтуынша, апат болған кезде кәсіпорын техникалық жұмыстарға байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан. Зауыт аумағында шамамен 200 адам болған. Жарылыстан зауыт ғимаратының бір бөлігі қирады. Енді құтқарушылар үйінділерді аршып, адамдарды іздеп жатыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қайғылы оқиғаға байланысты 16 адамның қаза тапқанын растағанын және сот әрі әкімшілік тергеу басталғанын мәлімдеген.

«Халқымызды қайғыға салған бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы, сондай-ақ ықтимал салғырттық фактілері мен оған кінәлі адамдар анықталады», – деді президент.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, тергеу аясында бес адам ұсталған. Құқық қорғау органдары апаттың нақты себебін анықтап, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылған-бұзылмағанын тексеріп жатыр.

HABAŞ – Түркиядағы ірі болат өндіруші компаниялардың бірі. Кәсіпорынның жылдық болат өндіру қуаты шамамен 4,5 млн тоннаға жетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар