Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысында заңсыз алтын іздегендер 1,2 гектар жерді қазып тастаған

kz.kursiv.media

Абай облысында заңсыз алтын іздегендер 1,2 гектар жерді қазып тастаған

Абай облысы Жарма ауданында заңсыз алтын өндіріліп келген. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Жанғызтөбе кентінен шамамен он шақырым жерде ешқандай рұқсатсыз кен қазылған.

Күдіктілер алтын кенін ашық әдіспен өндіріп, арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен шайған. Оқиға орнын тексеру барысында тереңдігі 15 метр болатын карьер табылып отыр.

Тергеу болжамы бойынша, бұл заңсыз әрекетке қатысы бар деген 9 адам анықталды. Ауқымды жұмыстардың салдарынан 12 мың текше метрден астам тау жынысы қазылып, 4 мың шаршы метрден астам құнарлы топырақ қабаты бүлінген.

Тінту және тексеру шаралары барысында құқық қорғау органдары руданы ұсақтайтын және шаятын жабдықтар, екі металл іздегіш, екі тиегіш пен бір экскаватор, сондай-ақ ішінде алтын сақтаушы материалы бар жеті қапты тәркіледі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда 1,5 млрд теңгенің алтын құрамды кенін заңсыз шығармақ болғандар ұсталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар