Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ауаны жылытып отырмыз": елде жылыту маусымының мерзімі қайта қаралуы мүмкін

kz.kursiv.media

Ауаны жылытып отырмыз: елде жылыту маусымының мерзімі қайта қаралуы мүмкін

Қазақстанда климаттың өзгеруіне байланысты жылыту маусымының мерзімдері қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ведомство басшысының айтуынша, жылу электр орталықтарының жұмысы ауа райының температурасына тікелей байланысты, ал соңғы жылдары күзгі-қысқы мезгілде күннің жылы болуы ғимараттарды артық жылытып, ысырапшылдыққа әкеліп соқтыруда.

БАҚ өкілдері Энергетика министрлігі климаттық өзгерістерге байланысты Қазақстандағы жылыту маусымының мерзімдерін қайта қарауды жоспарлап отыр ма деп сұрады.

«Энергетиктер жылу беруді әрдайым реттеп отырады. Кейде тіпті ауаны жылытатын кездеріміз де болады. Пәтерлерде ыстық болған соң адамдар терезелерді ашады, ал біз ғимаратты жылытудың орнына атмосфераны жылытамыз. Жалпы алғанда, жылу электр орталықтарының жұмыс регламенті ауа райы жағдайына, ең алдымен температураға тығыз байланысты. Даладағы температураға қарай жылу беріледі. Егер күн жылынса, біз бұны, әрине, өз жұмысымызда ескереміз», – деді министр.

Министр ауа райы жағдайы едәуір өзгергенін атап өтті. Мәселен бұрындары 20 қазанға дейін қар жауып үлгеретін.

«Температура -5-ке дейін төмендеді, алайда жылдың бұл мезгілінде біз -10 – 15 градус болады деп күткен едік. Егер естеріңізде болса, қазан айының 20-сына қарай Астанада қар жауатын. Қазір біз климат пен жауын-шашын мөлшерінің қалай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз», – деді Ерлан Ақкенженов.

Айтуынша, бұл егін жинау науқанынан да байқалады. Биыл астық кептіруге былтырғыға қарағанда әлдеқайда аз дизель отыны бөлінді. Диқандар егінді жинап алды, жаңбыр жауған жоқ, сондықтан астықты мұндай көлемде кептірудің қажеттілігі болмады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар