Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды
Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеп, елдің орталық сайлау комиссиясына өтініш тапсырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Бүгін, 10 қарашада Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров президенттікке кандидатурасын ұсыну туралы өтінішпен орталық сайлау комиссиясына жүгінді», – деді комиссия өкілі.
Садыр Жапаров президенттікке кандидатурасын ұсынған алтыншы үміткер атанды.
Бұған дейін ОСК-ға Ресей-Қырғыз даму қоры басқармасының бұрынғы мүшесі Аймен Касенов, Шу облысындағы ауданның бұрынғы басшысы Азамат Эсенбеков, қаржы полициясының экс-басшысы Сыймык Жапыкеев, кәсіпкер Акай Кыдыров және қырғыз коммунистерінің жетекшісі Исхак Масалиев өтініш берген.
Қырғызстандағы президент сайлауы келесі жылдың 27 қаңтарына белгіленген. Кандидаттарды ұсыну 13 қарашада аяқталады. Одан кейін оларды тіркеу рәсімі басталады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026