Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2026 жылы ақылы жолдардан 105 млрд теңге түсуі мүмкін

kz.kursiv.media

2026 жылы ақылы жолдардан 105 млрд теңге түсуі мүмкін

2026 жылы ақылы жолдардан 105 млрд теңге түседі деп болжанып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

2025 жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге түскен еді. ын.

«Қазіргі уақытта ақылы жолдар бойынша алым көлемі шамамен 95 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылға түсім 100 млрд теңгеге жетеді. Дегенмен түсім шамамен 105 млрд теңге болады деп болжап отырмыз», – деді Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, ақылы жолдардан түсетін қаражаттың 30%-ы сол жолдарды күтіп-ұстауға бағытталады.

«Қазір бізде күтіп-ұстауды талап ететін тегін учаскелер де пайда болды. Соған байланысты қаражаттың 90-95%-ға жуығы жолдарды күтіп-ұстауға кетеді. Себебі республикалық маңызы бар барлық жолды күтіп-ұстау үшін бізге шамамен 107 млрд теңге қажет», – деді ұлттық компания басшысы.

Дархан Иманашевтің сөзінше, Қазақстандағы тариф ең төменгі деңгейде және оны көтеруге әлеует бар.

Бұған дейін ҚР Үкіметінде коммерциялық жүк көлігі үшін ақылы жолдармен жүру тарифін қалыптастырудың ықтимал тәсілдері талқыланған еді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2026 жылдың 10 айында Қазақстандағы 28 ақылы жол учаскесінде 68,3 млн өту тіркелген.

Жалпы трафиктің 49,1%-ы оңтүстіктегі бес негізгі бағытқа тиесілі болса, 10,8 млн өту көрсеткішімен Алматы – Қонаев трассасы жүктеме рейтингінің көшін бастап тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар