Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Энергия нысандарын жөндеуге бөлінген қаржы 27%-ға артты - Ақкенженов

kz.kursiv.media

Энергия нысандарын жөндеуге бөлінген қаржы 27%-ға артты - Ақкенженов

Елдегі электр станцияларының тозу деңгейі 52%, электр және жылу желілерінің тозу деңгейі тиісінше 65,7% және 48% дейін төмендеген. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жылыту маусымы тұрақты басталып,тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген.

«Дайындық жұмыстары аясында Жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес ағымдағы жылы электр станцияларында 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 8 энергия блогын, 49 қазандықты және 37 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды», – деді министр.

Энергетика мен жылу нысандарын жөндеуге бөлінген қаржы да 27 пайызға артқан. Атап айтқанда, электр станцияларын жөндеуге бөлінген қаржы көлемі 384 млрд теңге, электр желілерін жөндеу 393 млрд теңгеге және жылу желілерін жөндеу 198 млрд теңгеге дейін артты.

2026 жылдың 10 айында 102 млрд. кВт·сағат электр энергиясы өндірілген. Ал күзгі-қысқы кезеңде ең жоғары жүктеме 18 200 МВт-қа жетпек. Бұл өткен жылыту маусымындағы ең жоғары көрсеткіштен 3% артық.

Қазақстанның бірқатар өңірінде тұрғындар үйлеріне жылудың уақытылы берілмеуіне шағымданып жатыр. Олардың қатарында Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар. Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымына жедел әрекет етуді тапсырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар