Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде мектептің есепшісі 58 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде мектептің есепшісі 58 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Ақтөбедегі №48 орта мектептің бұрынғы бас есепшісі 58 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақтөбе қалалық №2 сотының баспасөз қызметі жариялаған сот материалына сәйкес, ол 2015–2018 жылдар аралығында бюджет қаражатын өзінің жеке шотына аударып отырған. Жымқырылған ақшаның жалпы сомасы 57,9 млн теңгені құрады.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Түпкілікті үкім бойынша ол 6 жылға сотталып, 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында бюджеттен 88,8 млн теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін сотталған есепші рақымшылық бойынша уәде етілген 4 жыл 8 айдың орнына 7 жылын темір торда өткізетіні туралы жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар