Ақмолада мас адам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
«Көкшетау-Красный Яр» автожолында ВАЗ-21150 маркалы көлігін мас күйінде басқарған тұрғын полиция қызметкерлерінің құрығына түсті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлауынша, тәртіп сақшылары 7 қараша күні кешкісін күдікті жүрісімен назар аудартқан «Ладаны» тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізуші сапар алдында сыра ішкенін мойындаған.
Оның көлігінің салоны мен жүк салғышынан ондаған бос сыра бөтелкесі табылды. Медициналық куәландыру оның мас болғанын растады.
Әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.
Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 бала ауруханаға түскен еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қараша 2026