Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сәбиінің дүниеге келгенін атап өткен елордалық бес тәулікке қамалды

kz.kursiv.media

Сәбиінің дүниеге келгенін атап өткен елордалық бес тәулікке қамалды

Астанада сәбиінің туған күн қуанышын тым шулы атап өткен тұрғын бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Polisia.kz хабарлауынша, 35 жастағы азамат түн ортасында көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласында, терезелердің дәл түбінде фейерверк аттырған.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, отшашудың қатты дауысы маңайдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.

«Азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық пен тыныштықты бұзу баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұза отырып пиротехникалық бұйымдарды пайдалану заңды жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада кафеге алдын ала тапсырыс беру қылмыстық іске ұласқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар