Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбылда полиция аниме мен комикстерді тексеріп жатыр

kz.kursiv.media

Жамбылда полиция аниме мен комикстерді тексеріп жатыр

Жамбыл облысының полициясы дүкендер мен сауда орындарында сатылатын аниме өнімдері мен комикстерді тексеріп жатыр. Тәртіп сақшылары олардың арасында зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, агрессияны және қылмыстық субмәдениетті насихаттайтын өнімдердің бар-жоғын анықтауда деп жазады Kursiv Media.

Polisia.kz мәліметінше, тексеру аниме өнімдерінің жекелеген түрлерін, комикстерді, ойыншықтарды, аксессуарлар мен баспа материалдарын қамтиды. Бұл ретте өнімнің жанрына емес, нақты мазмұнына және тыйым салынған элементтердің бар-жоғына назар аударылады.

Полиция ата-аналарды да балалардың қандай фильм көретініне, қандай ойын ойнайтынына, интернетте не қарайтынына және кіммен араласатынына көңіл бөлуге шақырды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнде ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруіне қатысты бақылау жалғасып жатыр. Жыл басынан бері полиция түнгі уақытта үйінен тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген 9 102 жасөспірімді анықтаған. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқи отырыңыз: Сәбиінің дүниеге келгенін атап өткен елордалық бес тәулікке қамалды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар