Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұзаққа созылған Қызылқұм магистральдық каналының реконструкциясы қайта жанданды

kz.kursiv.media

Ұзаққа созылған Қызылқұм магистральдық каналының реконструкциясы қайта жанданды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жобаны іске асыру шамамен 20 мың адам тұратын Алатау батыр ауылын су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ Шардара және Арыс аудандарындағы 63 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабын суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Бекітілген алгоритм аясында өткен жылдары құрылысы басталған, алайда ұзақ уақыт бойы аяқталмай қалған 10 нысандағы жұмыстарды кезең-кезеңімен аяқтау көзделген. Қызылқұм магистральдық каналы құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді түрде қайта жанданған алғашқы нысандардың бірі болды.

Каналдың ұзындығы 3,8 шақырым болатын учаскесін реконструкциялауға мердігер ұйым 2026 жылдың қазан айында, вегетация кезеңі аяқталып, суармалы су беру тоқтатылғаннан кейін кірісті.

Жобаны іске асыру мерзімінің тығыздығы мен оның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, министрлік мердігер ұйыммен бірлесіп, қажетті еңбек, техникалық және материалдық ресурстарды жұмылдыру шараларын қабылдады.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары тәулік бойы үш ауысыммен жүргізіліп жатыр. Нысанда шамамен 250 маман мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Құрылыс барысының үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың толық көлемде жеткізілуі ұйымдастырылды.

Құрылыс алаңының өзінде бетон қоспасын үздіксіз дайындап, жеткізуге және бетондау жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізуге мүмкіндік беретін бетон араластырғыш қондырғы орнатылған.

Жобаға сәйкес, канал арнасының ішкі беті бетонмен қапталады. Бұл суды тасымалдау кезінде болатын шығынды едәуір азайтып, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар