Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ламин Ямаль Қазақстан мен Әзербайжанды шатастырып алды

kz.kursiv.media

Ламин Ямаль Қазақстан мен Әзербайжанды шатастырып алды

«Барселона» мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль жанкүйерлерге сыйлық үлестіру кезінде Қазақстан мен Әзербайжанды шатастырып алды. Футболшы Чемпиондар лигасының ойынына жолдама ұсынғанда Бакудің орнына Қазақстанды атаған, деп хабарлайды Kursiv Media.

Оқиға Ламин Ямальдың көшедегі адамдарға құлаққап сыйлаған бейнеролигінде болған. Акция аясында футболшы жанкүйерлер үшін арнайы «алтын билет» дайындаған. Оны ұтып алған адам Чемпиондар лигасының матчына екі билет пен Ямальдың қолтаңбасы қойылған футбол бутсыларын алады.

Футболшыдан жеңімпаз қай матчқа бара алатынын сұрағанда, ол күтпеген жерден Қазақстанды атаған.

«Егер шешім өзіме байланысты болса, оларға Қазақстандағы матчқа билет беріп, сол жаққа жіберер едім. Қазақстандағы ойынға барсын», – деді Ямаль.

Алайда футболшы Әзербайжанды меңзеген. Бейнероликтің өзінде Ямальдың Қазақстан емес, Әзербайжанды айтқысы келгенін түсіндіретін жазу пайда болған.

Осылайша, испаниялық футболшының географиялық қателігі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Ламин Ямаль – әлем футболындағы ең танымал жас ойыншылардың бірі. Ол «Барселонаның» негізгі құрамында өнер көрсетеді. 2024 жылы Испания құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанған.

Айта кетейік, Барселона 25 қараша күні Бакуде әзербайжандық «Сабах» командасымен ойнайды. Сондай-ақ Сабах сапында қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар