Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ордабасыны» чемпион қылған бапкер Андрей Мартин клубтан кетті

kz.kursiv.media

«Ордабасыны» чемпион қылған бапкер Андрей Мартин клубтан кетті

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы бас бапкер Андрей Мартинмен қоштасты. Тараптар өзара келісім бойынша еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kursiv Media.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Андрей Мартин 2024 жылдың желтоқсанында «Ордабасының» бас бапкері болып тағайындалған. Молдовалық маман алғашқы маусымында-ақ шымкенттік команданы Қазақстан кубогының финалына алып шықты.

Ал 2026 жылғы маусым «Ордабасы» үшін тарихи жыл болды. Андрей Мартиннің жетекшілігімен команда Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша шымкенттік клуб өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.

Клуб басшылығы Андрей Мартиннің еңбегін жоғары бағалап, команда жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. «Ордабасы» ФК президенті Жасұлан Барманқұлов маманға қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.

«Андрей Мартин «Ордабасының» жаңа тарихын жазуға атсалысып, клуб шежіресінде өшпес із қалдырды. Команданы тұңғыш алтын дубльге жеткізген бас бапкердің есімі клуб тарихында мәңгі сақталады», – делінген клуб хабарламасында.

A post shared by «ОРДАБАСЫ» ФК | FC ORDABASY (@fc__ordabasy)

Әзірге «Ордабасының» жаңа бас бапкері кім болатыны белгісіз.

Айта кетейік, «Ордабасы» 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында маусым аяқталмай тұрып алтын медальді жеңіп алды. Бұл шымкенттік клубтың 2023 жылдан кейінгі екінші чемпиондық атағы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар