Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тамақтан уланудың алдын алу

kz.otyrar.kz

Тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан улану дегеніміз — микробтармен және оның токсиндерімен яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан-адамға жұқпайтын аурушаңдық.

Тағамнан уланудың жалпы белгілері: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, тез жазылуы, бір уақытта біраз адамның ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы.

Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді. Тамақтан улану жағдайы — тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустар мен немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитариялық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.

Тамақтан уланудың алғашқы белгілері асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының жоғарылауы, сонымен қатар бүйрек, бауыр және неврологиялық синдромның, тамақтан уланудың клиникалық көрінісі — уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеніне байланысты. Ең алғашқы белгілері зақымданған тамақты жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.

Тамақтан уланудың ең алғашқы белгілері білінген кезде балалар, қариялар және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс. Егер ауру ұзақ уақыт ауыруынан арылмай, құсу, организмнің сусыздануы, нәжісінде қанның болуы және өткір ішек ауруы сияқты белгілері сақталған жағдайда міндетті түрде дәрігерлікке көмекке жүгінген дұрыс. Сәбилердің организмдері тез сусыздануға бейім болғандықтан, ешбір кедергісіз емделу қажет.

Алдын-алу жолдары:

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына ,пайдалану мерзіміне мұқият қараған жөн.

Сақ болыңыз, өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!

М.Аскарова,

Шымкент қаласы Тұран ауданы санитариялық-эпидмиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің бас маманы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар