АҚШ Конгресі Пентагон басшысына импичмент жариялауға келіспеді
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы қорғаныс министрі Пит Хегсетке импичмент жариялаудан бас тартты. Республикашылдар министрді жақтап, оған тағылған айыптарды әрі қарай қарауға жол бермеді деп жазады Reuters.
Дауыс беру 10 қарашада өткен. 211 конгрессмен айыптарды заң комитетіне жіберуді қолдаса, 204-і қарсы шықты. Бастаманы республикашыл конгрессмен Томас Мэсси көтерген. Ол Хегсетті Иранға қарсы соғыс кезінде билігін асыра пайдаланды және заң бұзды деп айыптады. Сондай-ақ АҚШ-тың Венесуэладағы әскери әрекеттеріне қатысты да сұрақтар қойған.
Алайда Мэссиді өз партиясынан бір ғана конгрессмен қолдады. Хегсет айыптауларды жоққа шығарып, импичмент бастамасын саяси әрекет деп атады. Президент Дональд Трамп та министрді қолдады.
Соған қарамастан, демократтар бұл мәселені 2027 жылдың қаңтарында Конгрестің жаңа құрамы жұмысқа кіріскен соң қайта көтеруі мүмкін дейді сарапшылар.
Егер импичмент рәсімі басталса, Хегсет АҚШ тарихында Өкілдер палатасында мұндай айып тағылған алғашқы қорғаныс министрі болар еді. Соңғы рет 1876 жылы АҚШ-тың соғыс министрі Уильям Белкнапқа импичмент жарияланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026